Қоғам

Қазақстанда "Қара бүркіт" атымен танылған колонияның басшысы ұсталды

Челах пен Күлекбаев отырған "Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

26 тамыз күні кешке Қостанай облысында УK-161/3 мекемесінің басшысы Арман Әбілев ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бұл мекеме ел аузында "Қара бүркіт" деген атпен кең танылған. Өйткені, мұнда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтеп жатыр. Атап айтқанда, "Арқанкерген" шекара заставасында серіктестеріне оқ жаудырып, қырып салғаны үшін сотталған Владислав Челах пен алматылық қылмыскер Руслан Күлекбаев бар.

Айта кетейік, Арман Әбілев колонияның басшысы қызметіне 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалған.

Өңірлік порталдың хабарлауынша, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері параның екінші бөлігі ретінде 700 мың теңге алғаны үшін ұсталды. Ал параның жалпы сомасы 1 миллион теңгені құраған.

Күдіктіге ақшаны аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыны қамқорлығынына алу үшін берген.