Weekend

Қолдан жасалған ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты

Оралды апат болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Апат 28 тамызда 8:30-да болды. Оқиға болған жерге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған.

"Қолдан жасалған ұшу аппараты "Казинское" бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды", - деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.

Құтқару жұмыстарына 4 бірлік техника мен 18 құтқарушы жұмылды.

"Бір орындық ұшақтың құлауынан ұшқыш жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61