Weekend
Телефон қуаты неге тез таусылатыны белгілі болды
"Телефонның нақты қандай себеппен қуаты тез бітетінін білу үшін, алдымен, фон режимінде жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды тексеру керек,. Мәселен, бағдарламалар "бұлтпен" жиі синхрондалуы мүмкін. Android пен iOS-та мұны баптаулар деген жердегі "Аккумулятор"-дан тексеруге болады", - деп түсіндірді сарапшылар.
Android өндірушілері тым көп энергия қолданбайтын бағдарламалар әзірлеуге мән беруде. Кейде дәл қазіргі уақытта қолданылмай тұрған бағдарламалар өздігінен тоқтатылады. Бірақ бұл қолайсыздық тудыруы мүмкін.
"Егер смартфон смарт-сағатпен бірге қолданылып, жаныңызда қуаттағыш құрылғы болмаса, Bluetooth-ды сөндіруге болады. Сонда смарт-сағат телефоннан дербес жұмыс істеп, телефонның қуаты ұзағырақ сақталады", - деп кеңес берді мамандар.