Weekend

Жаздың соңғы күнінде ауа райы қандай болады?

Ауа райы болжамы жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 31 тамызда ауа райы жылы болады, деп хабаралайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы 25…33 градусқа дейін көтеріледі.

Ал батыс пен оңтүстік-шығыста, сонымен қатар оңтүстікте жауын жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында да жел күшейеді.

Атырау, Ақтөбеде және Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Атырау, Алматы облысының солтүстік-батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Қарағанды облысының батысында өрт қаупі жоғары. 

Елордада жауын-шашынсыз. Күндіз 29…31 градус жылы.

Алматыда күн алабұлтты, +29+31 градус жылы.

Шымкентте жаңбыр, 27…29 градус жылы.