Саясат

42 500 теңгеге өтініш беру аяқталып жатыр

42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтінім қабылдау аяқталып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш қабылдау ертең, 1 қыркүйекте аяқталады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Бұл төлем осы жылдың шілдесінде карантиннің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалды.

2,4 миллионға жуық қазақстандық 42 500 теңге алды. Оның ішінде 2 миллион 384 мың адам тамызда карантиннің ұзартылуына байланысты ең төменгі жалақының жартысы – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

"2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-дан бір реттік төлем алған қазақстандықтарға карантинді ұзартуға байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Алғаш рет өтініш бергендерге төлем 1,5 ең төменгі жалақы мөлшері немесе 63 750 теңге мөлшерінде тағайындалады (42 500 + 21 250 теңге)", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өтінішті Egov.kz, 42500.enbek.kz порталдары, telegram-боттар және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады.