Шымкент
Нұрлы жер
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді және өзіне тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін және бұрын қабылданған мемлекеттік және салалық «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамытудың арналған және Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламалардың тетіктерін біріктірді.
Бағдарлама елдегі халықтың әр тараптарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталды.
Ұлттық банк «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын әзірлеуі және бекітуіне байланысты 5 негізгі міндеттер қайта қаралып, өзектендіріліп, өзекті болып белгіленді:
Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу
Кредиттік тұрғын үй салу.
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу.
Ескертпе: «7-20-25» ипотекасын енгізуге байланысты бұрын баяндалған «ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру» деген 5-міндет жасалған шарттар бойынша субсидияларды төлеу бойынша міндеттемелерін сақтай отырып алынып тасталды.