Шымкент

Шымкенттік кәсіпкерлер мерекелік медальмен марапатталды

Экономика

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Конституция күні мерекесі қарсаңында шымкенттік кәсіпкерлер қуанышқа кенелді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев шаһардағы бірқатар кәсіпкерлерді «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

А. Сәттібаев алдымен жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады.

«Биыл Ата-Заңымыз Конституцияның қабылданғанына да 25 жыл толып отыр. Ата заңымыз – азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Біздің мақсатымыз – экономиканың сапалы өсімін және халықтың әлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру. Осы ретте, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуде, еліміздің экономикасының дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз бен қаламыздың өркендеуіне белсене атсалысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Барлықтарыңызға шынайы алғысымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызда толағай табыстар мен еңселі абырой тілеймін», – деді қала әкімінің орынбасары.

Атап өтсек, мерекелік медалмен марапатталғандар – Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Бақыт Қалдыбеков, «Нан» ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев, «Барыс – 2007» ЖШС бас директоры Айжан Наимбекова, «AZALA Cotton» ЖШС директоры Бекет Тұрсынханов, «Экофарм Интернейшнл» ЖШС директоры Гулия Джузенова, «Бал Текстиль» ЖШС құрылтайщысы Талғат Исхахов, «АГФ Групп» ӨК» ЖШС бас директоры Ләйлә Қасқырбаева және «Хлопкопром – Целлюлоза» ЖШС директоры Владимир Накисбаев.