Қазақстанда өткен тәулікте 77 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Оның ішінде 18 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.
Шымкент қаласында, сондай-ақ Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында тәулік ішінде COVID-19 індетіне шалдыққандар анықталған жоқ.
Өңірлер бойынша мәлімет (жалпы статистика / симптомсыз науқастар):
Нұр-Сұлтан қаласы - 3 / 0,
Алматы қаласы - 3 / 1,
Ақмола облысы - 7 / 4,
Алматы облысы - 1 / 0,
Атырау облысы - 9 / 7,
Шығыс Қазақстан облысы - 17 / 2,
Батыс Қазақстан облысы - 3 / 0,
Қарағанды облысы - 14 / 1,
Қостанай облысы - 6 / 1,
Павлодар облысы - 2 / 2,
Солтүстік Қазақстан облысы - 9 / 0,
Түркістан облысы - 3 / 0.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 105 872.