Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кемінде екі жылға созылатынын айтып, оған дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
«Біз азаматтарымыздан ештеңені жасырған жоқпыз, індеттен қайтыс болғандардың көрсеткіштері туралы ақпаратты ашық жарияладық, ащы да болса шындықты айттық. Босаңсуға әлі ерте. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы болжамдары бойынша, пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет», - деді Президент.