Экономика

Тоқаев қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды

Тоқаев жаңа тапсырма берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігіне кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға қатысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.  

Президент азаматтарға кредит беруді шектеу қажет деген пікірде.

"Қаржы секторында тұтынушылық сегмент пен бизнесті несиелеу арасындағы теңгерімсіздік теріс фактор болып қалып отыр. Тұтынушыларды тоқтаусыз, кейде тіпті жауапсыз несиелеуді нормативтік тұрғыдан тежеу қажет. Мұның соңы үлкен әлеуметтік салдарға әкеп соғуы мүмкін", - деді ол.

Мемлекет басшысы азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмендігі оларға кредиттік өнімдерді таңуға себеп болмауы керек екенін де айтып өтті.

"Биыл менің тапсырмам бойынша заңнамалық және нормативтік база өзгертілді. Қарыз алушының төлем қабілеттігін бағалауға қойылатын талаптар қатаңдатылды. Бұрын тұтынушылық қарызды оңды-солды берген микроқаржы ұйымдары, ломбардтар мен басқа да қаржы мекемелері мемлекеттің бақылауына алынды. Бірақ, тәуекел әлі де сақталуда. Әсіресе, дағдарыс пен халықтың табысы азайған кезеңде", - деді президент.