Білім және ғылым
Білім министрі мұғалімдерге берілетін қосымша төлемдер туралы айтты
«Президенттің мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 пайызға арттыру тапсырмасы бойынша тиісті қаражат бюджет жобасында толығымен қарастырылды. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қыркүйек айынан бастап дәптер тексеру үшін үстемақы екі есе, сынып жетекшілігі үшін алатын үстемақы екі есе артатын болады», - деді министр.
Сондай-ақ Аймағамбетов магистр дәрежесі бар мұғалімдер 27 мың теңге сомасында жаңа үстемақы алатынын тағы да айтты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдаған болатын.