Қоғам
Аллергологқа қаралғаныңыз жөн
Көздің қызаруы әрі қышынуы, мұрыннан су ағып, тіпті бітеліп қалуы, тоқтаусыз түшкіру. Сізге таныс жағдай ма? Қазіргі уақытта әлемнің тең жартысы дәл осындай күй кешіп жатр. Яғни, бәрі дерлік аллергик. Ем іздеп сабылып жүргендері де бар, маусымдық аллергия болғандықтан 2-3 айға шыдап жүргендер де жетеді. Жалпы аллергияның емі бар ма?
Мұны іздеу барысында қызықты ақпаратқа тап болдық. Аллерголог-дәрігер Арман Байділов Qazaqstan арнасындағы "Теледәрігер" бағдарламасында аллергияны емдеу үшін алдымен қажетті дәрігерге жүгіну керек екенін айтады.
"Жалпы аллергияға қарсы дәрілерді дәрігердің нұсқауынсыз іше беруге болады. Алайда аллергияның дәл неден екенін анықтау үшін дәрігермен ақылдасқан жөн. Ал ең басты емі - асқазан, ішек жоладрын тазарту. Ол үшін жеткілікті түрде су ішу керек. Тек су ішудің де өзіндік нормасы бар. Адамның дене температурасы - 36,5 болғандықтан сол төмпературадан төмен болмайтындай су ішкен дұрыс. Себебі сол жағдайда ғана ол су ішек жолдарының тазаруына ықпал етеді", - деді дәрігер.
Дәрігердің сөзінен түсінгеніміз ішек жолдарын, өт жолдарын тазаласа қан жаңарады, ал қан жаңарса, аллергияның да кету ықтималдығы жоғары.
Ал енді мынаны қараңыз: Аллегрия және сіздің бойыңыздағы қорқыныш, реніш, өкпе. Мүлдем байланысы жоқ секілді, иә? Алайда көп маман осы сезімдерді аллергиямен тікелей байланыстырады екен. Неге?
Аллергия және психосоматика
Ғылым аллегриясы бар адам туралы былай дейді:
-әсершіл әрі үрейшіл, мұндай адамның фобиясы көп;
-сынды көңіліне қатты қабылдайтын тәуелді жан, өз пікірінен гөрі өзгенің ойымен өмір сүреді;
-жалғыздықтан қорқады, сонымен қатар көпшілік арасында өзін жайлы сезіне алмайды;
-өкпешіл, кекшіл, күдікшіл, өз бағасын төмен санайтын жан;
-шектен тыс ашуланшақ, жанжалға бейім;
-өмірден өз орнын табуға қиналып жүрген адам.
Жалпы психосоматикада аллегрия - көңіл жетіспеушіліктен туындаған адам жанының күйзелісі.
Аллегрия жұқпалы әрі вирустық ауру болмағандықтан, оны емдеу үшін медицинаға жүгінудің аса қажеті жоқ. Ол адам өмір сүру дағдысын өзгертуі қажет. Мәселен: зиянды әдеттерден бас тарту, қоршаған орта жағдайының өзгеруі әрі өмірдің мәнсіз өтуіне себепкео жандардан бойды аулақ ұстау. Деструктивті ойлау моделін ауыстыру, қорқыныш пен үрейден арылу, күйзеліс жағдайларын жеғудің түрлі әдістерін ойлап табу аллегрияны да жеңуге көмектесе алады. Аллегрияның басты себебі адамның түпсанасында жатыр әрі оны гипноз арқылы жоюға болады. Бұл гипнотерапевт Геннадий Ивановтың пікірі.
Аллегрияны гипноз арқылы емдеу
Гипноз аллегрияның себебін бейсаналық деңгейде анықтауға мүмкнідік береді, оның болашақта пайда болу мүмкіндігін жояды.
Гипноз арқылы емдеу келесі тәсілдер арқылы жүзеге асады:
-Дәрігер пациентті ондаған жыл бұрынғы жағдайды есіуне түсіру үшін транс қалпына түсіреді. Осылайша аллегрияға себеп тудырған жағдайда анықтайды.
-Осыдай кейін пациентпен жұмыс жүргізіледі, барлық жағдайдың мән-жайлары нақтыланады. Содан соң науқасты ес-түссіз жағдайға жеткізеді. "Компбютерді өңдеу" деп аталатын процеске кезек келеді, яғни гипнотерапевт түпсанадан болған жағдайды шығаруға мәжбүрлейді.
-Ол күнді не жағдайды ұмыттыру үшін дәрігер ұсақ-түйекке дейін есіне түсіруін талап етеді.
-Бұдан соң аллегриялық реакциядан бөлек эмоция тудыратын реакциялар да жойылады.
Қандай жағдайда терапевтіге жүгінген жөн?
-Аллергия ағза патологиясынан немесе улануынан туындамаған жағдайда; егер талдама нәтижелері алаңдататындай болмаса, аллегрияның нақты себебі психологиялық жағдайдан туындаған.
-Жасыңыз 60-қа жетпеген болуы тиіс.
-Бас ми ауруларына шалдықпаған болуыңыз тиіс. Ондай жағдайда адамды транс қалпына түсіруге тыйым салынған.
-Сіз аллергияңызды емдеуге нақты бекіндіңіз.
-Егер миыңыз өзіңізге, денеңізге бағынбай тұрса, онда гипнотерапевтінің көмегіне жүгіне беріңіз.
Өзін-өзі гипноздау
Бұдан бөлек гипнотерапевтінің көмегінсіз де адам аллергиядан арыла алуы мүмкін. Ол процесс сізге оңай көрінгенімен үлкен жауапкершілікті талап ететінін түсінуіңіз шарт.
1. Демалыс.
Бөлмеде немесе табиғат аясында сіз және тыныштық болғаны жөн. Көзіңізді жұмыңыз. Денеңіз босаңсып, тыныштық күйін сезінсеңіз, өзіңізді гипноздауға дайынсыз.
2. Мақсатты анықтау.
Аллергиядан құтылудан өзге ойлардың келуіне жол бермеңіз.
3. Транс күйі.
Өмірдегі ең қатты күйзеліске түскен сәтті ой елегінен бір өткізіп шығыңыз. Ұсақ-түйегіне дейін есіңізге түсіруге тырысыңыз. Және өмірдегі түрлі жағдайларды көңілге алмайтындай қабылдап үйренуге күш салыңыз.
4. Тілек.
"Аллегриядан құтыламын, бәрін ұмытамын" деп тілеңіз.