Әлем жаңалықтары
Туск Лукашенконың билігіне байланысты пікір білдірді
"Мен бұл туралы бұрын айтпадым. Бірақ Минск ЕО, Ресей және Украина арасында делдал болған кездер еді. Ол уақытта Украинада дағдарыс болып жатқан. Маған Лукашенко хабарласты. Ол кезде Польшаның премьер-министрі едім. Ол украиналық проблеманы бейбіт жолмен шешуге кепіл бола алатынын айтып, Еуропалық Одақты көндіруімді сұрады. Сол кезде ол белорус-украиналық одақ құру ұсынысын және екі елдің президенті болғанын қолдауымды өтінді", - деді Туск.
Еске салайық, 9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған.