Білім және ғылым
Шенеуніктер себебін айтты
Еске сала кетейік, оқиға елордада 3 қыркүйекте болды. Бесінші сынып оқушыларын ZOOM платформасында оқыту процесіне бөтен біреу араласып, балалардың компьютер экранына әдепсіз слайдтар мен былапыт сөздерді шығарып, математика сабағын бұзды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жанна Нұрмағамбетова өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Ата-аналар мен мұғалімдерден хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн кеңес өткізіп, оқушылармен чаттар мен платформаларда жұмыс істеу кезінде әдеп сақтау туралы тәрбие жұмысын жүргізді. Сондай-ақ кешке ата-аналар балалардың ұялы телефонын тексеріп шықты, ешкім бейтаныс адамдармен байланыс орнатпағаны анықталды", - деді Нұр-Сұлтан білім басқармасы.
Ведомство сонымен қатар оқиғадан кейін онлайн сабақтар Microsoft Teams платформасына көшірілгенін атап өтті.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін елорда полиция департаментіне хат жолданды.