Өмір бізге бір-ақ рет берілетін мүмкіндік. Осы сәтті дұрыс пайдаланып, бар құлшынысыңмен әр арайлап атқан таңды өткізу, барыңа шүкіршілік етіп, қалаған дүниеңмен айналысуға барлық жағдай жасалған. 18 жасқа келіп жеткен менің, өмірге деген көзқарасым сыртқы факторларға байланысты кейде 180 градусқа өзгеріп кететіне де бар. Ол бой жету, пікір қалыптастыру, өзгенің ойын сыйлау сияқты нәрселерге байланысты. Жас болған соң, әрине, денсаулығымызға аса назар аудармай жүреміз. Бірақ, ұзақ өмір сүргісі келетін жанға деннің саулығы маңызды. Білімді де алу керек, себебі, жас кезде алған білімің- тасқа қашап жазғандай. Қартайғанда алған білімің- мұзға ойып жазғандай. Әр күнімді максималды түрде тиімді өткізіп, тағылымды дүние алып қалғым келеді. Оттай лаулап тұрған арманымның шындыққа айналғанын бар жаныммен қалаймын. Үлкен іс – сапарлармен қатар, өзге елдің мәдениеті, тарихына саяхат жасағым келеді. «Әке-шеше» деген де мәңгілік емес. Солардың балалық арманын орындағым келеді. Күлімдеген жүздерінен мақтаныш көргім келеді. Адам болып дүниеге келген соң, парызым - ата-анамды жерге қаратпау.
Өмір-бумеранг. Жамандық жасасаң қайта келіп, өзіңе соғылар. Сондықтан, барынша жақсы іс жасап, айналамды нұрландырып жүруге тырысамын. Күн кунге,жыл жылға ұласқан сайын, бауырларымнан басқа мені ешкім ойламайтына көзім жетті. Маған төрт әпке, бір аға, бір іні, бір сіңлі сыйлаған анама, асыраған әкеме бас иемін. Тірек болар жандарымның көп болғаны рахат. Жүректерімнің бақытқа кенелгенін көріп, марқайып қаламын. Келесі кезекте, ағамның көңілі қосқан жанымен бақытты шаңырақ құруын қалаймын. Қала қарбаласымен арпалысып жүріп, барыңнан айырылып қалмашы дегім келеді. Уақыт - зымыран секілді. Кері айналдырып ала алмайсың. Бәрінің өз заңдылықтары бар.
Өмір сүргім келеді. Отбасыммен бірге болғым келеді. Қуанышта қастарынпн табылғым келеді. Жиендерімнің бал тілі шығып сөйлеп кеткісі келгендігін , кез-келген әуен қоса қалғандағы биін тамашалауды, мамасын сағынып шыр жылағын кезін барлығын көргім келеді. Солардың көз алдымызда өсіп, жетістіктерге жеткенін көру үшін өмір сүргім келеді. Ағамның «әке» атып, берекелі отбасы болуын тамашалағым келеді. Бауырларымның бақыты үшін өзімнің өмірімді қиюға да бармын. Ешқашан мұңаймай, қиын жағдайда бірге болуға уәде беремін. Бізде бәрі жақсы болады. Мен оған кәміл сенемін. Алланың қолдауымен, Әке-шеше сенімімен ұзаққа барамыз.