Қоғам

Алматыда тұрғын үй шатырында би кешін өткізген жастар жауапқа тартылды

Тұрғын үй шатырында би кеші өткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының тұрғыны әр аптаның жұма немесе сенбі күні түнде үйінің төбесінде шулы кеш өтетінін айтып шағымданған, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының бірі Facebook-тегі парақшасында Алмалы аудандық полиция басқармасының ресим парақшасын тегтей отырып, өз шағымын жариялады.

"4 қыркүйек күні 23.15 шамасында Байзақов көшесіндегі 170 үйдің шатырында би кеші өтті. Аптаның әр жұма немесе сенбі күні түнде 9 қабатты үйдің шатырында дискотека ұйымдастырылады. Музыка үні бүкіл ауданымызды даңғазаға айналдыруда. Шара қолдануыңызды сұраймын", – деп жаған Жанна Полевая есімді тұрғын.

Әлеуметтік желі арқылы түскен мұндай хабарламаға полиция қызметкерлері дер кезінде жауап беріп, шұғыл шара қолданған. Тіпті, тәртіп бұзушыларды анықтап, айыппұл да салған.

"Шағым түскен бойда Алмалы аудандық полиция қызметкерлері шұғыл шара қолдануға кірісті. Байзақов көшесіндегі 170 үйдің шатырын тексеру нәтижесінде, тәртіп бұзушылыққа жол берілгені анықталды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды ", – деп жауап жазған полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.