Weekend
Маман адамдар банкомат арқылы қалай алданып қалатынын айтты
"Әлеуметтік тәсілге карта пин-кодын көріп алу сынды қитұрқы әрекетті жатқызуға болады. Сондай-ақ алаяқтар картаны әдейі банкоматта қалдырып кетіп, кейін ақша жоғалды деп басқа адамды кінәлауы мүмкін", - деп жазады "Прайм" ақпараттық қауіпсіздік компаниясының өкілі.
Маманның айтуынша, олар оқиға "куәгерін" тауып алған сыңай танытып, банкоматқа келген адамнан ақшаны қайтаруды талап етуі де ғажап емес.
Сондықтан сарапшы, бірінші кезекте, банк бөліміндегі немесе үлкен сауда үйлеріндегі банкоматтарды қолдануға кеңес берді. Өйткені ол жерде бейнебақылау жүргізіледі.
Банкоматқа пин-код енгізген кезде ешкімге көрсетпеу керек. Егер айналада адам көп болса, клавиатураны қолмен жабуға болады.
Операция бастамас бұрын "Болдырмау" немесе "Cancel" батырмасын басу қажет. Мұның көмегімен бұған дейінгі операцияларды болдырмайсыз. Экранда банктің басты беті шығуы тиіс. Сондай-ақ NFC-модульді технологияны қолданған жөн.