COVID-19

Вирустан ада болғыңыз келсе, ұшақпен қатынаңыз

Борт жолаушылары бір-біріне бірнеше сағат бойы тым жақын отырады. Бірақ вирус жұқтыру қаупі төмен бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мамандар ұшақ ішінде COVID-19 вирусын жұқтыру қаупі төмен екенін айтады.

“Біз ұшақ салонында жаппай вирус жұқтырды дегенді естімеппіз. Әдетте, вирус тасушының жанында отырғандар ғана зардап шегіп жатады”, - деді Джон Хопкинс университетінің денсаулық сақтау орталығының аға қызметкері және Американдық жұқпалы аурулар қоғамының өкілі Амеш Адалага айтты.

Негізінен лайнерлер тиімділігі жоғары желдету жүйлерімен жабдықталған. Мұның да пайдасы зор екен.

“Нера фильтрлері ауадағы вирустың 99,9%-ын ұстап тұруға тиімді. Салондағы ауаның таралуы  стерильді, онда вирус бөлшектері жоқ”, - деп мәлімдеді Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA).

Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Дэвид Набарро да қолдады. Айтуынша, жақсы фильтрлердің арқасында ұшақпен қатынау әлдеқайда қауіпсіхз.

Салондағы фильтрлерден бөлек вирус жұқтыру қаупін азайтатын өзге де шаралар  жеткілікті. Мәселен бортқа температурасы жоғары жолаушылар жіберілмейді. Көһп авиакомпания жолаушыларға қолдарын жиі жуып, дезинфекциялауға нұсқау беріп отырады, оның үстіне бетперде киюді де міндеттейді. Кейбір ұшақтар дистанцияның сақтаулы үшінсалонға саны шектеулі жолаушыларды ғана жібереді.