COVID-19

ДДҰ басшысы жаңа пандемияға дайын болу керектігін ескертті

Әлемде жаңа пандемия болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлем коронавируспен болған жағдайдан сабақ алып, жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге індет пен пандемия өміріміздің бір бөлігі екенін көрсетіп жатыр. Бірақ келесі пандемия келгенде барлық мемлекет оған дайын болуы керек», – деді ДДҰ басшысы.

Айта кетейік, ДДҰ басшысының мәлімдемесі ұйымның YouTube-каналында жарияланды.

Еске салайық, бүгінде әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты, ал Қазақстанда науқастардың саны 106 425-ке жетті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61