Экономика
Зейнетақы қоры: ақша мөлшеріне байланысты мемлекетке салық төлеу керек
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚолданыстағы Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табысына 10% мөлшерінде салық салынады.
Ал осы кодекстің 320-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі кірістерге 5% мөлшерінде салық салынады.
Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алатын болса, соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.
Сонымен қатар қайтыс болған туысының зейнетақы салымдарын мұраға алу, Қазақстан азаматтығынан шығатын басқа елге тұрақты тұруға кететін адамдар үшін зейнетақы ақшасын алу кезінде де осындай шарттар көзделген.
Демек бір миллион теңге алу кезінде 100 мың теңгені жеке табыс салығы түрінде төлеуге тура келеді. Ал 2,5 миллион алынса, 250 мың теңге төлейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61