Білім және ғылым

Шымкентте оқушылар темір жол бойын жағалап, сабақ оқып жатыр - Айгүл Орынбек

Шымкенттің кейбір жерінде оқушыларға онлайн білім алу қиын болып тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында Шымкент қаласындағы кейбір балалардың онлайн сабақты темір жол маңында оқып жүргенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Заңгердің айтуынша, қала маңындағы ауылдар интернетке қол жеткізе алмай отыр. Оқушылар амалсыз теміржол бойын жағалап сабақ оқуға мәжбүр болып отыр.

«Шымкент қаласында балалар темір жол маңында интернет іздеп, білім алуда!

Ашынған аналар әкімдіктің алдына қонамыз деп жатыр!

Әйтеновтың BI мен саудаласудан қолы тимей жатқан шығар.

Күте тұрайық, саудасын жасап алсын!

Шымкент әкімін бізге жұмыс істеуге жібердіңдер ме, саудаласуға ма?», - деп жазды ол

Сөзіне дәлел ретінде ауыл тұрғындарының шағымы көрсетілген бейнежазбаны қоса жариялаған. Онда ауыл тұрғындары бері интернеттің жоқтығы, жедел жәрдемнің тапшылығы секілді мәселелер көтерген.