Экономика
Еңбек министрлігі салымшылардың зейнетақы жинағын қолма-қол алмайтындығын айтты
Виктория Шегайдың айтуынша, зейнетақы жинағындағы ақша қолма-қол берілмейді.
"Қаражаттың сол мақсат бойынша жұмсалуын қамтамасыз ететін бірыңғай операторлар болады. Яғни, зейнетақы жинағын қолға алғысы келетін салымшылар ала ма деп айтатын болсақ - жоқ. Оператор тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін "Отбасы банк" мәселесін қарастыруды ұсынады, бұл Қазақстанның бүгінгі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, яғни ол арқылы осы ақша мақсатты түрде жұмсалады", - деді Шегай.
Еске салайық, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды. 2021 жылдан бастап белгілі санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығын іске асыра алады.