Әлем жаңалықтары

Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсе бастады

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты келеңсіз жағдай орын алды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны соңғы күндерде күрт өсе бастады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің Telegram-арнасы бүгін жергілікті уақытпен 10:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00) 139 адам індет жұқтырғанын растады. Ауырғандардың жалпы саны 44 мың 557-ге жетіп отыр.

Соның 41 мың 898-і жазылып шыққан. Дәл қазір елде 2 297 адам емделіп жатыр, олардың 402-сі ауыр жағдайда, тағы 226-сы хал үстінде жатыр.