COVID-19
Денсаулық министрі Қазақстан қандай жағдайда қатаң карантинге оралатынын айтты
Онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері министрден қатаң карантин жариялауға негіз болатын критерийлерді атауды сұрады.
"Ауруханалардағы төсек-орын қорының 70 пайыздан астамы толса, өте қиын сәт туады. Сол кезде қатаң шектеу шараларын енгізу арқылы денсаулық сақтау министрлігіне қолдау көрсетілуі тиіс", - деді Цой.
Ал қазір, оның айтуынша, төсек-орын қорының тек 15 проценті ғана бос емес. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дәрі-дәрмек жеткілікті, деп сендірді ведомство басшысы.
"Егер коронавирус дәл қазіргідей өтсе, біз онымен өмір сүре аламыз және бұл тұрақты процеске айналады", - деді министр.