Экономика
Білім министрі қашықтан оқытуға бөлінген ақша туралы айтты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМинистрдің дерегі бойынша, бүгінде елімізде 2,6 млн оқушы қашықтан оқу форматында, 800 мың бала дәстүрлі форматта оқып жатыр.
«Кезекші сыныптарда 547 мың бала оқып жатыр. Бұл контингенттің 16%-ы кәдімгідей мектепке барып, сабақтарын жалғастырып жатыр деген сөз. 250 мың бала 180-ге жуық мектептерде дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл контингенттің 7,3%-ы. Жалпы, оқушылардың 24%-ы дәстүрлі форматта оқып жатыр деп айта аламыз», - деді министр.
Еліміздегі шалғай ауылдарда орналасқан 7 мың мектептің 3 мыңы дәстүрлі форматта оқуды жалғастырып жатыр. Балабақшалар мен кезекші топтарға балалардың 30%-ы қатысып жатыр.
«Оқыту үшін уақытша 435 мың компьютер берілді. Жақында 300 мыңнан астам мұқтаж азаматтарға таратылатын болады. Күніне орташа есеппен, 2 млн-дай сабақ жүргізіледі. Күн сайын онлайн-платформалардан 70-80 млн рет сабақтар қаралады. Қашықтан оқытуға 70 миллион доллар жұмсалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді министр.
Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектеп оқушылары үшін жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан оқыту форматында жалғаса беретінін айтты.