10 жылдан кейін жоғалып кететін елді мекен: Венеция

Ғаламдық жылыну жер шарының климатына әсер етіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

XXI ғасыр Жерді сыни өзгерістер күтіп тұр. Алдағы онжылдықтарда жоғалып кету қаупі бар орындарды ұсынамыз. Сондықтан осы орындарға саяхатқа барыңыз!

Венеция, Италия

Жыл сайын Венеция 4 миллиметрге дейін суға батып жатыр, жергілікті тұрғындар қаланы су басуына үйреніп қалады. Су басқан кезде су деңгейі 109 см-ден де жоғарылайды. Ғалымдардың зерттеуінше, Жерорта теңізінің деңгейінің жылдам өсуіне байланысты бірнеше онжылдықта Венеция толығымен су астында қалуы мүмкін дейді.

Өткен мыңжылдықта Жерорта теңізі деңгейі 30 сантиметрге дейін көтерілген, ал алдағы жүзжылдықта үш есе өседі деп күтілуде. Мұндай өзгерістер атмосферадағы көмірқышқыл газының көлемінің ұлғайуымен байланысты.

«Acqua alta» итанлянша «жоғары су» дегенді білдіреді,. Венециялықтар бұл сөзбен қаланы басқан тасқын суды сипаттайды. Өткен ғасырда аcqua alta жиілігі жылына 10 еседен аз болды, бүгінде бұл жылына 60 ретке дейін болады. Егер бүкіл әлемде теңіз деңгейі жылына 30-90 см өссе, Венецияжа жылына 30-250 рет су тасқыны болады.

2018 жылы 29 қазанда Венецияда өте үлкен су тасқыны болды. Қаланың 70% суастында қалды, оның биіктігі теңіз деңгейінен 149 сантиметрге дейін көтерілді. Синоптиктер су тасқыны осымен тоқтамайтынын болжады. Жақын уақытта итальяндықтардың көшелеріндегі су деңгейі 160 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін.

Егер Венецияның мәселелерін шешудің мүлдем жаңа әдістері табылмаса, осы ғасырдың ортасында біз Италияның інжуін тек фотосуреттерден еске алатын боламыз. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Венеция 2028 жылы өмір сүруге жарамсыз болуы мүмкін.