Шымкент
Қолдау
Шымкентте жазасын өтеп жүрген бір топ адам жаңа кәсіпті игерді. Бір жылға жуық техникалық саланың қыр-сырын меңгерген олар қоғамға аз да болса пайдамыз тисе дейді. Бұдан бөлек, жәбірленушілерге келтірген шығындарын да осы жерден өтемекші.
Тағдырдың қатал сынына ұшыраған жандар енді белгілі бір кәсіптің иесі атанды. 124 сотталушы Түркістан индустриалды құрылыс колледжінде 6 мамандық бойынша білім алған. Енді оларға салтанатты түрде диплом табыс етілді
Тігінші, ағаш өңдеуші және жиһаз шебері атанған жазасын өтеушілер колледжде 10 ай оқыпты. Солардың бірі – Бағлан Балабеков. 6 жылға сотталған ол енді су жаңа кәсіптің иесі атанып отыр.
- 2019 жылы Түркістан индустриалды колледже түсіп, тігінші мамандығын алдым. Осындай мүмкіндік беріп жатқан мекеме әкімшілігіне және ұстаздарға алғысым шексіз. Алға қойған жоспарларымды орындап, бостандыққа шыққан соң, жұмыс істейтін боламын, - дейді жазасын өтеуші Бағлан Балабеков.
- Бостандыққа шыққан соң осы дипломмен жұмысқа кіруге болады. Одан кейін осы мекемеде орналасқан өнеркәсіп бар сонда кіріп жұмыс істеп, өзінің жалақысынан жәбірленушілерге берешін беруге осындай мүмкіншіліктер істелініп отыр, - дейді түзету мекемесінің басшысы Бағдат Асылбеков.