Шымкент

Шымкентте "Жолдағы қабылдау" республикалық акциясының үшінші күнінде 29 тұрғынға кеңес берілді

Құқықтық сауаттылық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте “Жолдағы қабылдау” республикалық акциясының үшінші күнінде 29 тұрғынға кеңес берілді, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев “Жолдағы қабылдау” республикалық акциясын ұзартуды тапсырған болатын. Яғни Шымкент қаласы Полиция депратаментінің қызметкерлері 26, 27, 28 тамыз күндері сағат 09.00-ден 19.00 аралығында, (Шымкент қаласы Достық мөлтек ауданындағы және Бекжан базары жанында орналасқан Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ) тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, кеңес берді. 

Нақтырағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 584 бұйрығы негізінде, Ұлттық стандартқа сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсыну арқылы тіркеу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, іс шара уақытында 8-708-345-65-74 сымтетігі жұмыс атқарып, қала тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап берді.