Шымкент
Көлік рәсімдеу
Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 26 – 27 тамызда сағат 09.00-ден 19.00 аралығында, Достық мөлтек ауданындағы және Бекжан базары жанында орналасқан Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Акцияның өтетіні жөнінде және олардың мекенжайлары алдын-ала халыққа әлеуметтік желі арқылы хабарлама таратылды. Өткізілген орында департамент бастығының бірінші орынбасары М.Алтаев азаматтарды қабылдау жүргізді.
Іс-шараға жалпы 211 қала тұрғыны қатысып, 159-на құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде автокөліктерді тіркеуге қатысты 91 (оның ішінде Армения Республикасынан алып келген автокөліктерге қатысты 91, басқару құрылығысы оң жақта орналасқан автокөліктерге қатысты 37).
Оларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 584 бұйрығы негізінде, Ұлттық стандартқа сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсыну арқылы тіркеу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар 15 азамат әкімшілік құқық бұзушылыққа, 11 жол жүру ережелері, тоғыз сауал жүргізуші куәлігіне қатысты, үш азамат автокөлікті қайта жабдықтау жөнінде және тергеу, криминалдық, кадр салаларына байланысты жеті азаматтың сұрақтарына құқықтық ақпараттық кеңес берілді.
Сонымен қатар, іс шара уақытында 8-708-345-65-74 сымтетігі жұмыс атқарып, қала тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап берді. Іс-шара әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары және белсенді блогерлердің қатысуымен өтті.