Шымкент

Шымкентте Полиция департаменті күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда

Қоғамдық тәртіп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының Полиция департаменті “Құрбан айт” мерекесі күндері құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 31 шілде және 2 тамыз аралығында карантин талаптарына сай қала аумағында мал сатуға және оны союға тыйым салынған. Құрбандық шалу тек онлайн тәртіпте жүзеге асырылады.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қала аумағындағы барлық мал сату және арнайы мал сою орындарын бақылауға алып, онда тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №29 Қаулыда енгізілген талаптар мен шектеулерді жеткізіп, таныстырылды.