Weekend

Граммафон немесе Ниппердің логотипі туралы не білесіз?

Музыка машинасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Граммафон десе ескінің ескірген табақтары еске түседі. Алғашқы граммафон  құрылғысы 1877 жылы құрастырылған. Классикалық музыка мен опера әншілерінің танымал дауысы дөңгелек табақшада тоғысқан. Дыбыс шығаруға  арналған аппараттың табақшалары алғашында тез сынғыш әрі сапасы төмен болды. Араға ұзақ уақыт салмай, технология қарқынды қарыштап табақшалар синтетикалық сынбайтын материалдардан жасала бастады.Саны да артты, оған деген сұраныс та артты.Граммафон табағынан дыбысты жаңғыртатын –граммафон инесі. Ине алмастан яки сапфирден жасалады. Ал, оны пайдалану мерзімі 500 сағат,яғни 21 күн 3 аптаға жарамды.  

Граммафон жайында қызықты ақпараттың бірі де бірегейі Ниппер атты итпен байланысты. Ниппердің қожайыны Эдиссон өз дауысын таспаға жазып қалдырған болатын.  Араға бірнеше уақыт салып Эдиссон қайтыс болады. Итін суретші бауыры Фрэнсис Барретке аманат етеді. Ниппер қожайыны Эдиссонның даусын таспадан әркез мұқият тыңдайтын көрінеді. Мұны байқаған Баррот таспаны тыңдап отырған Ниппердің бейнесін қағаз бетіне суреттеп салады. Суретші бұл картинаны рекордттық компанияға ұсынады. Осыдан соң Ниппердің бейнесі өшпес логатипке айналды.

Игорь Барисевич музыкамен еш байланысы жоқ,бұрынғы әскери адам ,қазіргі жеке кәсіпкер.Граммафон жинауды әдетке айналдырып 75 граммафонның басын құраған. Ең қызығы 75 граммафонның 2-еуі ғана жұмыс жасамайды екен. Әуесқой Игорь ескіні бүтіндеп, модельдерді қайта қалпына келтірумен айналысады.