Шымкент
Азаматтарға көмек
Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қала тұрғыны Шерзат Маликовке жұбайымен бірге заңды тұруға жеделдетілген түрде қызмет ұсынып, көмек көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шерзат Маликовтың жұбайы Хажибиби Бабаджанова Өзбекстан азаматшасы болуына байланысты, оның Қазақстан Республикасында тұруына рүқсат құжатын алу үшін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына көші-қон қызметі бөліміне келіп, жүгінген.
Мұндағы қызметкерлер Хажибиби Бабаджановаға елімізде шетелдіктің тұруына ыхтиярхатын жеделдетіп дайындап, тапсырды.
Шерзат Маликов көші-қон қызметінің полицейлеріне алғысын білдіріп, алда келе жатқан 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.