Шымкент

Шымкент полициясы су тасқыны кезінде халыққа қалай әрекет ету керектігін айтты

Сақтық шаралары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай ауданының тұрғындарына су тасқыны кезінде сақтық шаралары туралы еске салды.

14-15 мамыр күндері қатты жауған жауын-шашынның салдарынан Бадам өзенінің суы арнасынан асып кеткен болатын. Бадам өзенінің бойында орналасқан бірқатар үйлерге залал келтірген еді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Көпжасар Есқараев Бадам өзенінің жағалауында орналасқан Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекені мен Жаңаталап тұрғын алабын аралап, су тасқыны болған жағдайда жасалынатын сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар суға түсуге, шомылуға тыйым салынған орындарда жас балалар ата-анасының қарауынсыз суға шомылу қауіпті екенін ескертті.

– Балалар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, сондықтан ата-аналарға олардың өз балаларымен әңгіме жүргізуін, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруін және балаларды қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеміз, – деп еске салады полиция қызметкері.