Шымкент

Шымкентте армениялық көліктерді тіркеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Заңнама сауаттылығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында Армениядан әкелінген 129 автокөлікке сары нөмер берілді, деп хабарлайды хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 маусымнан бастап Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталған болатын. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеуге қатысты жүргізушілерге тиісті қызмет түрін ұсынады.

Ал, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлі автокөліктердің жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама тарату ісін жалғастырып отыр. Аталмыш департамент тарапынан іске асырылып жатқан кешенді жұмыс жоспарының нәтижесінде 129 автокөлікке сары нөмер берілді.

Армениядан әкелінген автокөлікті 11 мың 946 теңге (695 теңге – тіркеу үшін алым, 3 773 теңге – көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж, 7 778 теңге – мемлекеттік нөмер үшін баж) төлеп, қысқа мерзім ішінде өз көлігіңізді тіркей аласыз.