Шымкент
Жоспарланған жұмыс
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаулардың бірі. Бұл мемлекеттік қолдаумен мыңдаған кәсіпкерлер өз бизнестерін аша алады және кеңейте алды.
Биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша 5 800 шағын несие алған қазақстандық қосымша 6 151 тұрақты жұмыс орнын ашты.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы жақсы көрсеткіштерге ие. Яғни, Шымкент қаласы жоспарланған жұмыс орындарына халықты тартуда еліміз бойынша алдынғы қатарда тұр.
Аталмыш бағдарламаға жұмыссыздар, жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуіне қарамастан, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерғ бизнесі бар кәсіпкерлер қатыса алады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, Еңбек ресурстарын қайта даярлау, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде шағын кредит беруді кеңейту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды.
Елдегі төтенше жағдай кезінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев экономиканы, шағын және орта бизнесті, осы күрделі жағдайда мемлекеттің барлық халқын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалармен халыққа бірнеше рет жүгінді.
Халықты жұмыспен қамту және азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып қала бермек.
Биыл Шымкентте " Еңбек "бағдарламасы аясында 24 367 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 19 344 адам жұмыспен қамтылды, яғни жоспар 79,4 пайызға орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Маминге қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
"Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту саласындағы жұмысқа орналастыру" бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде тегін кәсіптік оқытуға 3 196 азаматты жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2 000 адам жіберілді, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 1 196 адам жіберілді. Олар үшін оқыту 1 қыркүйектен басталады.
"Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу" үшінші бағыты бойынша 17 775 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жоспарланған, 13 327 азаматқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Оның ішінде 6 768 адам бос және жаңа жұмыс орындарына орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 284 адам, жастар тәжірибесіне - 1 925 адам, қоғамдық жұмыстарға - 4 351 адам жіберілді.