Шымкент

Шымкентте карантин кезінде ойын залдары істеп тұрған

Құқық бұзу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте балалар мен ата-аналарға еліміздегі заңдарды бұзуға итермелеген ойынхана мен ойын залы анықталды.

Шымкентте Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзып, карантиндік шаралар кезінде балаларға арналған орталықтадың істеп тұрғаны анықталды. Шымкенттік тәртіп сақшылар құқықтық тәрбие берудің орнына кері тартқан, тығылып қызмет көрсеткен компьютерлік ойынхана мен «Сәт» сауда үйіндегі балалар ойын орталығының   қызмет етіп тұрғанын анықтады.

Жуықта жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен Шымкент қаласы полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері Еңбекші ауданында Мемлекеттік санитарлық бас дәрігердің №25,26,27,28 қаулысына сәйкес жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Нәтижесінде Еңбекші ауданы Желтоқсан көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқан ойынхана анықталды.

Аталған факті бойынша жиналған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Еңбекші ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жіберілді.

 Сонымен қатар "СӘТ" сауда орталығында карантиндік шараларды бұзып, ойын залы жұмыс істеген. Шымкент қаласының полиция департаментіне Түркістан және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан "СӘТ" сауда орталығында карантин режимі бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына келген Шымкент қаласы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында "СӘТ" сауда орталығының екінші қабатында, "PROFIT" ойын залында болған азаматшадан және бір азаматтан түсініктеме алды. Өз түсініктемелерінде олар ойын залы жұмыс істемейтінін көрсетті. Кейін Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы ойын залының бейнебақылау камерасының компьютерлері мен сақтау процессорын тәркіледі. Тәркіленген заттай дәлелдемелер Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

"PROFIT" ойын залының карантиндік талаптарды бұза отырып жұмыс істегені туралы жеткілікті дәлелдемелердің болмауына байланысты тергеушінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілген бейнежазбаны қарағаннан кейін шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына материалдарды жіберу туралы мәселе қаралатын болады.

Сұраныс болмаса, ұсыныста болмайтыны анық. Пандемия жағдайында балаларының өмірін қауіпке төндіріп, ойын залдарына апару ең біріншіден ата-ана мойнындағы жауапкершілік. Өзіміздің және жақындарымыздың өміріне жауапты болайық, өскелең ұрпаққа дұрыс құқықтық тәрбие берейік, еліміздегі заңдарды сақтап үйретейік.