Шымкент

Шымкентте "Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" акциясы өтті

Жадынама

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері «отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізді.

Бұл акцияның мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, халықты осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту. Акция аясында Абай және Қаратау аудандық полиция басқармаларының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері "Ана үйі" қоғамдық қорының және "Қызыл-ай" қоғамының дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы әңгіме өткізді. Сондай-ақ арнайы әзірленген жадынамалар таратылды.

 Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстарының  мақсаты отбасының әр мүшесіне заңды құқтарын түсіндіру және сол арқылы құқықтық тәрбиенің негізін бастау.