Шымкент

"Бизнеске арналған үкімет-Shymkent INVEST" жобасының жұмысы жемісті

Кәсіпкерлерге арналған "бір терезе"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде құрылған «Бизнеске арналған үкімет-Shymkent INVEST» кеңсесі аз уақыт ішінде 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен.

Естеріңізге сала кетсек, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жобасын әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырды. Мұнда қала кәсіпкерлері мен инвесторларға «бір терезе» негізінде мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл жоб а- кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары аясында жүзеге асырылып отыр.Мұнда БЖК-2025 бағдарламасы аясында сервистік қызметтің 6 түрін ұсынады.

1 маусым күні ашылған фронт офис нәтижелі жұмыс көрсетіп үлгерді. Атап айтқанда, әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы бойынша 1 пайыздық жеңілдетілген несие алу үшін 427 азамат өтініш берген. Нәтижесінде жалпы құны 98 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданды. Ал «1000 сауда орны» бағдарламасы аясында жер учаскелерін алу бойынша 200-ге жуық азаматқа кеңес берілсе, мемлекеттік грант алу бойынша 104 адам өтініш білдірген. Сонымен қатар, 500-ден астам кәсіпкерге қаржылай емес қолдау көрсетіліп, мамандардың көмегімен бірнеше жоба әзірленді.

Фронт-офис кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша жан-жақты қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Мұнда кәсібін ашқысы келетіндердің барлық сұрақтарына жауап беріледі. Мамандар жеңілдетілген несие алу, сауда орындарын іске қосу, индустриялық, көлік-логистикалық, агро-индустриялық және арнайы - экономикалық аймақтардан жер телімін алу сынды мәселелер бойынша кеңес беруге дайын.