Шымкент
Маманданған кәсіп
Жыл басынан бері елімізде жылыжайлар санын көбейту қолға алынған. «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жоба Ұлттық банк, Аграрлық несие корпорациясы және инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Жылыжай салуды көздеген шаруаларға арнайы субсидиялар да қарастырылған.
Жылыжай арқылы өнім өндіріп, кәсіп жүргізу оңтүстік өңірлерде жақсы дамуда. Шымкент көкөніс, жеміс-жидегімен елімізге ғана емес, шетелге мәлім қала. Сондықтан болар, ел арасында Шымкентті «жылыжайлардың» астанасы атайды. Жылына 12 ай бойы жылыжайларда үздіктіс жеміс-жидек, көкөністер өсіріліп, саудаға шығарылады.
Тек биылғы жылдың өзінде Шымкент қаласындағы ЖК «Шарипов» фирмасы 2 гектар жерге өнеркәсіптік жылыжай салды. Жылына 600 тонна көкөніс өндіруді жоспарлап отыр. Жобаға жұмсалған қаражат 600 млн теңгені құрады. Бұдан бөлек, «Оңтүстік FOOD» 3 га жылыжай кешенінде жылына 800 тн көкөніс өсірмек (жоба құны – 750 млн теңге), «AltCompanyInvest» 5 га жылыжай кешенінде жылына 1000 тн көкөніс өсірмек (жоба құны – 700 млн теңге), «Арман Групп» 3 га жылыжай кешенінде жылына 800 тн көкөніс өсіреді (жоба құны – 700 млн теңге), «Altcompanyinvest» ЖШС және «Колесников»ЖК, «Мажитова» ЖК, «Зәуре» ШҚ секілді агрофирмалар өнеркәсіптік жылыжай жобаларын жүзеге асырмақ. Олардың қатарында Мәртөбе ауыл округінде орналасқан өнеркәсіптік деңгейде жылыжай шаруашылығын алғашқылардың бірі болып қолға алған «КазАгроном» ЖШС де бар.