Шымкент

Шымкенттік еріктілер елге маска таратты

Сақтық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының еріктілер тобы коронавирустың алдын алу мақсатында маска тарату акциясын жалғастырды.

Бұл жолы қаламыз саябақтары мен аялдамаларында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қаламыздағы бірнеше дүкендер желісінде арнайы себеттермен маскалар қойылды.

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының еріктілері қоғамдық көліктердегі жолаушыларға 1000 дана медициналық маска таратты. Аталған шара тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Бір топ ерікті тұрғындарға коронавирус инфекциясынан сақтану жолын түсіндіріп,  сақтық шарасына салғырт қарамауға шақырды.

Айта кеткеніміз жөн, Шымкент жастары тәртіп сақшыларымен бірігіп те халыққа маска тарату ісіне атсалысқан болатын.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61