Шымкент

Шымкентте бала еңбегін қанауға қарсы науқан өтті

Жастар саясаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны аясында маусымның 1-12 күндері аралығында жастар ұйымдары  және бала құқығын қорғау саласындағы мүдделі мекемелермен бірлесе отырып «Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түңгі уақытта жүруі бойынша рейдттік іс-шаралар өткізілді.


«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны аясында балалар мен ата-аналар көп шоғырланатын қала аумағында үндеухаттар таратылды.

Сондай-ақ, аталмыш науқанның аясында Жастар ресурстық орталығында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Науқанның басты мақсаты қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды еңбектің ең нашар түрлеріне пайдаланудың алдын алу және осы саладағы құқықтық - ақпараттандыру болып табылады.

Балалар еңбектің ең нашар түрлеріне тартылған жағдайда  және оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатігездікті болдырмау үшін 8(7252) 24-74-38 сенім телефонына қоңырау шалуға болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61