Шымкент

Шымкентте 3000-ға жуық волонтер еріктілікпен белсенді айналысуда

Шымкент волонтерлар қауымдастығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі 20-дан астам қоғамдық ұйым елдегі төтенше жағдай кезінде аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек үлестіруге белсенділік танытқан. 

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев мәлімдеді. ⠀

Ж.Төлембекұлының айтуынша, Еріктілер жылына байланысты қала жастарының азаматтық белсенділігін дамытуға жаңа серпін беретін іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген. Жалпы саны 3000-ға жуық еркіті 7 бағыт бойынша жобаларға қатысып келеді. Ал халықтың әртүрлі жас топтарын волонтерлік қызметке тарту қажеттілігін ескере отырып, еріктілерді қолдау мақсатында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» құрылған. ⠀

Брифинг барысында Жандос Қалтаев Волонтер жылының қорытындысы бойынша волонтерлікпен үздік айналысқан волонтерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылатынын айтты.