Шымкент

Шымкентте жарты жылдың ішінде жасөспірімдерге қатысты 37 қылмыстық іс қарады

Қорытынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шілде айының басында Шымкент қалалық сотының «Ақпарат орталығында» Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д.Сайханов және Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенбидің қатысуымен 2020 жылдың 6 айын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.


Баспасөз мәслихаты барысында Д.Сайханов: «Ағымдағы жылдың 6 айында сотқа жалпы 37 қылмыстық іс түскен, 11 іс 2019 жылдан қалдық ретінде өткен. Жалпы 33 іс аяқталып, 33 адамға қатысты 22 айыптау үкімі және 8 істі өндірістен тоқтату туралы қаулы шығарылған. Оның басым көпшілігі ҚК-тің 191-бабы, яғни, бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру, ҚК-тің 188-бабы, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру, ҚК-тің 293-бабы, яғни, бұзақылық бойынша қылмыстық істер болып табылады. Жеке айыптау істерінен басқа қылмыстық істердің барлығына прокурор қатысқан. 3 жеке қаулы шығарылған. (оның ішінде тергеу және анықтау органдарына - 2, т.б. - 1).