Weekend

Телеарна эфирінде имам зәбір көрген қызды "зорлықшымен татуластырғысы келген"

Республикалық телеарна эфирінде дау шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Республикалық телеарна эфирінде дау шықты. Авторлары татуластыруды мақсат тұтады деген ток-шоуда зорлық құрбаны айыпталған, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Кел, татуласайық!" ток-шоуы "31 арнада" осымен бірнеше айдан бері шығып келеді. Алайда newreporter.org басылымының медиасыншысы мұнда қылмыскерлерді кешіру және зәбір көрген қыздар мен әйелдерді айыптау идеясы айтылып жатыр дейді.

Мысал ретінде 18 жастағы Қызғалдақ Талғатқызы алынған. Оны 14 жасында үш жігіт зорлаған. Олар соты өтсе де, түрмеге қамалмаған, ал жәбірленуші жүкті болып, кейін босанып алған. Бағдарламада Қызғалдақты баланың әкесімен татуластырып, әке ретінде танып, алимент өндіруге көндіргендер болған делінеді.

"Шығарылымдардың бірінде әкесі эфир кезінде телефон соғып, 14 жастағы қыз зорланғанына өзі кінәлі екенін айтады. Қыз олардың аулына көп барған, ал зорлықшылар саны бұдан да көп болған. Келесі шығарылымда зорланған қыздың әкесі кәмелетке толмаған қызының тағдырып сол кезде-ақ шешіп тастағаны - ол не зорлықшыларды кешірген, не келісім жасағаны айтылады, солайша іс тараптардың татуласуына байланысты жабылған. Сол кезде жоба авторлары "әділдікке жету миссиясын" ұмытып, татуласуға көшті. Бірақ зорлықшымен татуласы идеясының өзі ақылға қонымсыз", - деп жазады Newreporter.

Медиасыншының айтуынша, қатысушылар мен қонақтардың пікірі де ақылға қонбайды. Мысал ретінде ауыл имамының мына сөзі келтіріледі: "Жігіттердің де тағдырын ойлау керек, олардың бірі үйленді ғой, ал өзгесі - отбасындағы жалғыз ұл, ал қыз ауылды әлемге масқара етті. Сондықтан бұл істі сотсыз-ақ шешейік, ауыл ақсақалдарының көмегіне жүгінейік".

Оны студияға телефон соққан көрермен де қолдап, зорланған қызға былай дейді: "Сен "кешірмеймін, жазалаймын, соттатамын" деп отырсың, ал балаң өсіп, әкесінің түрмеде отырғанын білгенде не болады?".

Мұндай оқиға бұл ток-шоуда көп болған екен. Әлеуметтік желі оқырмандары ток-шоудың форматына наразы болды.

"Жауып қана емес, зорлықты үгіттегені үшін, зорлық құрбанына қысым жасағаны үшін жауапқа тарту керек"

"Зорлықшыны кешіру деген не түсінік?"

"Мәнсіз бағдарлама, деградантар өскелең ұрпақты деградациялап, адекват адамдардың адамгершілік құндылығын масқаралап жатыр"

"21-ғасыр, ал мұнда бәрін шалдардың көмегімен шешкісі келеді. "Жігіттердің тағдырып ойлауымыз керек" дей ме? Ал өздері ойлады ма?", - деп жазып жатыр қазақстандықтар.

Сонымен қатар, citizengo.org сайтында бағдарламаны жабуды талап еткен петиция пайда болды.

"31 арна" баспасөз қызметіндегілер оқиғаға қатысты пікір білдірді. Арна өкілдері Қызғалдақтың сот арқылы әкелігін тіркеп, баласы үшін алимент төлемін алуды көздегенін айтты.

"Ол студияға баланың әкесімен келісіп беруге көмектесуіміз үшін келді. Бірақ бірінші бағдарламадан-ақ бұл мақсаты орындалмайтыны анықталып, ол зорлағандарды кешірмейтінін айтты. Осыдан кейін Қызғалдақ та, бағдарлама жүргізушісі де, шығармашылық топ та татуластыруды ойлаған жоқ", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

"31 арнадағылардың" айтуынша, Қызғалдақ заңгер жалдаған, зорлық ісі үш жылдан кейін жаңғыртылған.

"Қазір сотта әкелікті рәсімдеу және алимент төлеу ісі жатыр. Онымен қатар құқық қорғау органдары төрт жыл бұрынғы зорлық ісін тергеп жатыр, ал "Кел, татуласайық" бағдарламасы іс соңына дейін жетуін бақылайды", - делінген бағдарлама мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, телеарна өкілдері, бағдарламада имамның не себепті зорлықшыны қорғағанын айтты.

"Айтылып отырған имам басты күдіктінің ағасы салып берген мешітте қызмет етеді. Сондықтан ол оларды қорғайды. Имамның сөзі редакцияның көзқарасымен сай келеді дегенді білдірмейді. Бағдарламада Қызғалдақты қолдап сөйлегендер де болды, ал қарсы пікірлер басым болмады", - деді телеарнадағылар.

Tengrinews.kz тілшісі оқиғаға қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сауалхат жолдады.