COVID-19

Сингапур ғалымдары коронавирусты анықтайтын маска ойлап тапты

Ғалымдар COVID-19 белгілерін анықтай алатын маска ойлап тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сингапур ғалымдары коронавирус белгілерін анықтай алатын арнайы маска ойлап тапты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа маскада импульс, дене температурасы, қысым және оттегі деңгейі сияқты адамның әртүрлі көрсеткіштері туралы мәлімет жинайтын сенсорлар орнатылады. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, коронавирус инфекциясы туралы қорытынды жасауға болады дейді ғалымдар.

Мамандардың айтуынша, маскадағы сенсорлар әр жарты сағат сайын денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қосымшаға жібереді.

Сондай-ақ ол масканы жууға және қайта пайдалануға болатыны айтылады.

Дереккөз мәліметінше, ғалымдар қыркүйек айының соңына қарай жүйенің клиникалық сынақтарын өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта масканың бағасы 36 доллардан асады, бірақ жаппай өндіріс кезінде ол 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін дейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61