Weekend

Нұрлан Қоянбаев әлемдік рекордты жаңартты

Әзілкеш мақсатына жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрлан Қоянбаев рекорд орнатты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

7 шілде күні әзілкеш Instagram желісіндегі парақшасында 20 миллион пікір жинауды мақсат етіп, көк байрағымыздың суретін жариялады.

«Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әрқайсымыз 20 пікірден қалдырсақ, кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік! Биікте самғасын көк байрағымыз», – деп жазды ол.

Содан бері 3 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында мемлекеттік тудың суретіне 10 миллион 113 мыңнан астам пікір жиналған. Енді Нұрлан Қоянбаев жазған әлемдік рекордтан да асып жығылды.

Қазіргі уақытта Қоянбаев осы суретке 100 миллион пікір жинап, тағы рекорд орнатамыз деп отыр.