Bugin

Тарихта қалған NOKIA-3210

Телефонның тарихына көз жүгіртіп көрдіңіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Финдік NOKIA компаниясының байланыс құралдары осыдан 20 жыл бұрын нарыққа шығып, қолданысқа еніп кетті. Бір қызығы, Азияда NOKIA- ның түрлі модельдерінде 4 саны еш байланыс нөмерлерінде кездеспейді. Себебі аталған сан сәтсіздіктің белгісі болып есептелінеді.

Сонымен қатар,  «NOKIA TUNE» рингтоны  испан музыканты Франциско Таррераның ХХI ғасырда жазылған «Gran Vals» туындысының гитарадағы нұсқасы болып табылады. Фин компаниясы 1987 жылы шығарған алғашқы ұялы телефон – «қолға сыятын кірпіштердің бірі» деген атауға ие болған - NOKIA MOBIRA CITYMAN.Ал,1993 жылы шыққан NOKIA 1012 -  әлемде жаппай сатылған ең бірінші GSM стандартты телефоны сонымен қатар , SMS қабылдай алатын тұңғыш ұялы байланыс құралы.

Тақырыптың тұздығы болып отырған 1999 жылы шыққанNOKIA 3210 телефоны.Нарыққа енгеннен-ақ әлем елдерінің назарын өзіне аударта білген бұл марканың мыңнан астам данасы сатылымға шыққан. Финдік компанияның басты табыс көзіне айналған телефон он жылдам астам уақыт сатылымда болды. Оның басты техникалық ерекшеліктері сыртқы қабатының мықтылығы , ұзаққа шыдайтын қуат көзі және сигналды таза қабылдауы. NOKIA 3210 телефоның ең басты артықшылығы - кіріктірілген ойыны бар (жылан) алғашқы телефондардың бірі болуы.Атап өтер бір жағдай , 1999 жыл -біздер дүниеге келген жылы шыққан телефонды, мен 9-10 жасымда қолыма алып «Змейка» ойнын ойнайтын едім. Бұл аталған маркалы ұялы байланыс құралының жаңа технологиялар дамып жатқан заманда ұзақ сұранысқа ие болуы сапасының жоғары болғандығының дәлелі. Заман зулап, жылдар жылжып жаңа компаниялар NOKIA- ның орнын басқаны ақиқат. Алайда, NOKIA ұялы телефондары тұңғыш телефон деген атпен тарихт қойнауында мәңгі қалары сөзсіз!