Білім және ғылым

Білім министрі ҰБТ-ны өзгерту жоспарын жариялады

Асхат Аймағамбетов ұлттық бірыңғай тестілеуді өзгертуге қатысты жоспарын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық бірыңғай тестілеуді өзгертуге қатысты жоспарды жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, бүгінде ҰБТ кезінде жұмыс істейтін комиссияларды құруға қыруар қаржы жұмсалады. Цифрландыру аясында алдымен осы шығындарды қысқарту жоспарланған.

"Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұдан бөлек, тест сұрақтары өзгереді. Соңғы бірнеше жылдың ішінде тапсырмалардың базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілсе де, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған. Ал қазіргі мақсат - сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты арттыру.

"Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл - мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тестте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек", - дейді Аймағамбетов.

Министр аталған шараның барлығы алдын ала сарапшылар мен педагогтардың талқылауына шығарылатынын да жеткізді. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады.