Экономика

Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин

Мамин азық-түліктің қымбаттамайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Маминнің айтуынша, әкімдіктер алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаса, азық-түлік бағасын өсірмей, тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.

"Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бағаны қымбаттатуға ешбір себеп жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрі бойынша бағаның тұрақтылығына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі", - деді премьер үкімет отырысында. 

Ол азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – қазақстандықтардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі екенін атап өтті. 

Осыған орай Мамин министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді.

Бірінші, халықаралық астық нарығында қалыптасып отырған конъюнктураны ескеріп, ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, сыртқы жағдайға және азық-түлік қорының жеткілікті болуы мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мониторингті жалғастыруы қажет.

Екінші, ауыл шаруашылығы министрлігі "қайтарымды схема" арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру механизмін кеңейту, сондай-ақ, форвардтық сатып алу практикасын барлық өңірде енгізуі тиіс.

Үшінші, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әкімдіктерге импортқа тәуелді тауарлар өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым тәртіппен іске асыру тапсырылды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер өзімізде өндірілетін азық-түліктің, әсіресе, картоп, ұн, сәбіз және қарақұмық жармасы бағасын өсіруге жол бермеуі қажет. Елдің барлық қажеттілігін толығымен  қамтамасыз ету үшін олар жеткілікті көлемде өндіріледі", - деді Мамин.