Саясат
Жоғары кеңестің құрамы белгілі болды
Жоғары кеңестің төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал оның орынбасары – сэр Сума Чакрабарти. Бұдан бөлек, кеңес құрамына тағы сегіз адам енді. Олар:
1. Мамин Асқар Ұзақбайұлы - премьер-министр;
2. .Қошанов Ерлан Жақанұлы - президенті әкімшілігінің басшысы;
3 Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Ұлттық Банк төрағасы;
4. .Келімбетов Қайрат Нематұлы - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
5. Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы - Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы;
6. Исекешев Әсет Өрентайұлы - президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
7. Сүлейменов Тимур Мұратұлы - президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
8. Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін президенттің жарлығымен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылған болатын. Агенттік әлемдік тәжірибені зерделеп, нақты реформаларды іске асыру жолдарын ұсынады. Ал реформалар жөніндегі жоғары кеңес осы ұсыныстарды қарап бекітеді.
Сума Чакрабарти – президент кеңесшісі
Ақорданың ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, Президент жанындағы жоғары кеңес жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында кеңес құрамына Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-президенті Сума Чакрабарти енгізілді.
Сонымен қатар мемлекет басшысының 14 қыркүйектегі өкімімен Чакрабарти Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Чакрабарти - дамушы нарықтар мәселелері бойынша маман, Ұлыбритания мемлекеттік қызметі жүйесіндегі ірі реформаларды әзірлеуде тәжірибесі мол. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне техникалық көмек бағдарламасы – британдық "ноу-хау" қорының дамуында негізгі рөл атқарды.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы ретінде С.Чакрабарти аталмыш қаржы институтын ауқымды жаңғырудан өткізді. Өзі басшылық еткен жылдары бұл мекеме Қазақстанға 9 млрд доллар көлемінде инвестиция салды. ЕҚҚДБ мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті, "жасыл экономика" мен шағын және орта бизнесті реттеу мен дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуде маңызды консультативтік көмек атқарды.
Чакрабарти Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы болған кезде Қазақстан президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің тең төрағасы болды.